Енді заңды тұлғалар ЭЦҚ қалай алады?
Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жеткізгіштегі құжат сияқты заң күшін беру үшін пайдаланылатын өзі қойған қолының аналогы. ЭЦҚ алуға өтінімді ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлімі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Өтінімді қауіпсіздік мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады. Ең алдымен pki.gov.kz сайтындағы «Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу» бөліміне кіресіз.
Одан кейін мәртебеңізді көрсете отырып қажетті ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің үлгісін таңдауыңыз қажет. (Ол мекеменің бірінші басшысы, қол қою құқығы бар жұмыскер немесе қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер және т.б. болуы мүмкін).
Онлайн-өтінімді бергеннен кейін сізге оны растау үшін ХҚО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз, уәкілетті тұлғаның растайтын құжаттары мен басып шығарылған өтінім болуы қажет. Тексергеннен кейін оператор растауды жасайды және сіз ЭЦҚ өз компьютеріңізге жүктеп, оған өз пароліңізді орната аласыз. :point_right:Міне, енді сіз электрондық үкімет порталымен жұмысты бастай аласыз. ЭЦҚ пайдалана отырып заңды тұлғалар келесідей артықшылықтарға қол жеткізбек: •Электрондық сауда-саттыққа қатысу; •Жеке қатысуынсыз банктік операцияларды орындау; •Жеке қатысуынсыз электронды есептерді тапсыру; •Компанияны қашықтықтан басқару және т.б. ЭЦҚ-ны түрлі ақпарат жеткізгіштерінде сақтауға болады, бірақ бұл ретте ол бөтен қолға түспеуін жауапкершілікпен қадағалау қажет. :exclamation:ЭЦҚ-ның қолданыс мерзімі 1 жыл, бірақ пайдаланушы оны электронды порталда мерзімі өтіп кетпей тұрып тағы бір жылға ұзарта алады.