Студенттер жолақыға жеңілдік сұрайды
Қоғамдық қабылдау
Жастар орталығының ғимаратында өткен ашық есік күнінде Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарованың қабылдауына келген жастар осылай деді.

Партия жетекшісінің бірінші орынбасары жастардың мәселесін жазып алып, жан-жақты зерделейтінін айтты. Өз кезегінде Ақмарал Әлназарова партия әркез жастар мәселелеріне ерекше мән беретінін айтып, жастарды партия жұмысына белсенді қатысуға шақырды.
Қабылдауға жастар денсаулық орталығының мейірбикесі Ақтоты Жанасылова, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы Әкімжан Жак, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда филиалының инспекторы Серікбай Махамбет, жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Мадина Нысанбаева қатысып жастардың сұрақтарына жауап берді.



Жиын соңында партия қатарына салтанатты түрде қабылданған жастарға арнайы парт билет табысталды.
Гүлбану МАҚАЖАН