Теңдессіз мүмкіндік

Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескертетін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға жүктеледі. Қазақстан экономикасын алға жылжытуда және әлеуметтік, макроэкономикалық мәселелерді оңтайлы шешуде шағын және орта бизнестің орны маңызды. Ендігі мәселе шағын және орта бизнесті ұйымдастыру және дамыту бойынша заңнамалық базаны нығайту. Осы орайда: «Меншікті тіркеу», «Лицензиялау туралы», «Инвесторларды қорғау», «Салық салу» өлшемдері бойынша заңдарды оңтайлы нәтижелері көрініс болады.
Шағын және орта бизнесті ел экономикасының, ондағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың орнықтылығының тірегі ретінде атап көрсетуге болады. Ел экономикасының дамуы мен гүлденуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы шағын және орта бизнестің дамуына тікелей байланысты.
А.Рахымжан, Г.ӘБДІКӘРІМова,
Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі