» » СЕНІМ АРҚАЛАҒАН ӘЛИЯ

СЕНІМ АРҚАЛАҒАН ӘЛИЯ

      Заты әйел, жаны нәзік, әйтсе де халықтың сенімін арқалаған азаматшалардың бірі− Әлия Әбуова.  Бала күнінен заңгер болуды армандаған ол бүгінде Қызылорда қаласы жеке сот орындаушылар палатасының мүшесі.
          Әлия Дүйсенбайқызы 1985 жылы 15 қаңтарда Қармақшы ауылында дүниеге келген. №113 «Қаракөл» орта мектебінің түлегі.  Әр жылдары Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінде, «Болашақ»  университетіне білім алған. Әлия еңбек жолын Қызылорда қаласында нотариаттық палатасында заңгер болып бастады.
       Бүгінде ол − жеке сот орындаушы. Бұрын мемлекеттік сот орындау­шы­ларының жүктемесі өте көп болатын. Олар физикалық тұрғыда өндірісті орындап үлгере алмайтын. Мұнан соң жұмыс сапасы төмендейтін. Қазір атқарушылық құжаттардың басым бөлігі жеке сот орындаушыларға берілді. Бұл құқықтық мәселелердің шешілуіне  зор әсер етті. Жеке сот орындаушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Баршаңызға белгілі, мемлекет жеке сот орындаушыларға бюджеттен ақша бөлмейді. Дегенмен Әлия өз ісінің маманы ретінде жұмысын жылдам орындап, атқарушылық құжатты неғұрлым тез аяқтауға асығады. Осылайша ол атқарушылық құжаттардың орындалуына үлес қосып қана қоймай, елдің алғысын да алып жүр. Азамат­тар­дың сенімі артып, жеке сот орын­дау­шы­ларының жұмысына жүгінетіндер көбеюде. Әзірге Әлияның жеке сот орындаушы ретінде әрекетіне шағым түсіргендер жоқ. Себебі ол әрбір қадамын ақылға салып, асықпай орындайды. Әлияға көбіне тұрғындар алимент өндіру, банк қарыздары, айыппұлдар бойынша келеді.  Іс күрделі болса жас маман алдыңғы буын сот орындаушы әріптес әпкелері Ләйлә Шарапқызы, Жұлдызай Есімова, Сандуғаш Қаратаевалардың кеңесіне жүгініп, жөн сұрайды. Жеке сот орындаушылардың Қызылорда облысы бойынша өңірлік палатасының басшысы Кирилл Десятниченкода жас мамандарды әркез қолдап жол көрсетіп отыратынынайта кету керек. 
         ҚР заңнамасымен өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының мәртебесін арттырып, сот актілерін жеке орындау институтының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Әлия өткен жылы ҚР жеке сот орындаушылардың еспубликалық палатасы басқарма төрағасының грамотасымен марапатталды. Білікті заңгерді Тәуелсіздік күні қарсаңында қала әкімі Н.Нәлібаев та құттықтап, алғыс хат табыс етті.
Мың сан құжаттың арасынан шығып кейіпкеріміз отбасына, балаларына асығады. Себебі жары Мұратпен бірге  үш перзент тәрбиелеп отыр. Үлкені Мұхит қаладағы  5-сынып оқушысы әрі «Қайсар» шайбалы хоккей командасының ойыншысы. Қызы Әнель 3 сыныпта оқиды. Талапты бала. Сурет салып ән айтқанды ұнатады. Кішкентайы Айбатыр да тәп-тәтті қылығымен ата-анасын қуантып өсіп келеді.
 
Бану ҮСЕНҚЫЗЫ 
03 ақпан 2020 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930