» » Бүлдіршіндер ақынның мерейтойын тойлады

Бүлдіршіндер ақынның мерейтойын тойлады

 Қызылорда қаласындағы "Мәриям Ана" балабақшасында тағлымды шара өтті. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, тәрбиешілер ақынның әндерін орындап, "Ботақан" тобының бүлдіршіндері бірнеше өлеңдерін жатқа оқыды.
Ақнұр Меңлесбайқызы, "Мәриям Ана" балабақшасының меңгерушісі:
- Халқымыздың ұлы ғұлама ақыны, ойшыл, бүкіл түркі тектес халықтарының ортасынан шыққан әлемдік тұлға АБайдың шығармалары баршамызға жақын. Ақынның өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағдырымен тығыз байланысып, оның болмыс-бітімінің айнасындай болып жатыр. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі.
     "Ботақан" тобының тәрбиешісі Жайна Мақсұмова балаларды ақынның өнегелі өмірі мен еңбек жолымен таныстырды. Қыркүйекте мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер таңқылдап тұр. Абай бабаларының өлеңдерін жатқа айтады. "Ғылым таппай мақтанба", "Әсемпаз болма әрнеге" атты өлеңдерін жатқа айтып қана қоймай, өздеріне бағыт етіп алған. Талапты балалар сурет салады, ән айтады, би билейді. Болашақ еліміздің бір-бір білікті маманы рухани нәр алып өсіп келеді. Шара соңында ата-аналар тәрбиеші апайларына алғыстарын білдірді. 

Гүлбану МАҚАЖАН






06 ақпан 2020 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031