» » Балабақша – тәрбиенің тал бесігі

Балабақша – тәрбиенің тал бесігі

          Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауларында үнемі жас ұрпақтың тәлімін алға қояды. Осы негізде еліміздегі мектепке дейінгі білім ошағы мен балабақшалардың санын көбейтуді көздеді.
         Бүгінгінің сәбилерінің санасы ақпарды лезде жан-жақты қабылдап, өзіндік ой қорыта білуге қабілетті.
         Табиғаты дарынды әр балаға түрткі боп, бар қырын ашуға, жөн сілтеуге, қабілетіне қарай сүйеу болуда барша тәрбиешілерге үлкен жауапкершілік артылады.
«Еңбегі жақсының – өнбегі жақсы» деген бар, ұлттық құндылығымызды ұядан бастап сәби санасына сіңіретін, әр баланы келешек ел тірегі деп білетін білім ошақтары елімізде көптеп ашылуда.
         Барлық балабақшаның бағдарламалары бір: бақыт мекеніне айналып, сары ауыз шүпірлеген балапан сәбилердің болашаққа ұмтылысын күшейтіп, табиғи қабілет-қырын ашып түлету.
        Қолына қасық ұстау білмей келетін әр үйдің бір еркесін еңбекті сүюге, ұқыптылыққа, Отансүйгіштікке, зеректікке баулитын – осы балабақша. Бала – жұлдыз, жарқырап жандыратын құрал – тәрбиеші. Баланың сауатын ашып, алғаш сөз саптауға, әдептілікке, спортқа, санамаққа баулып, қазақи тәлімін, отбасындағы өзіндік тәірбиесін түзу жолмен жалғайтын қазыналы орда  - балабақша.
         Президенттің арнайы тапсырмалары мен бағдарламалары арқасында осындай шағын орталықтар жыл сайын ашылып, ішкі материалдық базасы жасақталуда. Ондағы кадрлық резерв те шеттен тыс емес. Өз ісінің шеберлері, баланы бауыр етіндей көретін мейірімді педагог-мамандармен толықтырылуда.
        
Ботагөз Нарманова
№40 А.Қыраубаева атындағы
 орта мектеп жанынан ашылған
«Шаттық» шағын орталығының әдіскері
12 ақпан 2020 ж. 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031