» » » Қазақ анимациясы кенже қалмаса

Қазақ анимациясы кенже қалмаса


Мультфильм – жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Балалар теледидардан не көрсе, соған еліктейді, жақсы мен жаманды да сол көгілдір экранан үйренеді. Жас буынның бойында туған тіл, мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін, сондай-ақ, баланың ой-өрісін дамытуға, ұлттық тәрбиенің бекуіне жол салатын қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер көптеп шығарылса қәні!  Қазіргі ақпараттық заманда балаға ұлттық тәрбие беретін қазақ тіліндегі мультфильмдер шығару кезек күттірмесе анық. Қазіргі балаларға жақын болған «Алдар көсені» бәрі сүйіп көреді. Алдардың ақылдығын, әдемі әзілін ұғына білген бала да жақсы азамат болары хақ. «Батырлар», «Ер Төстік пен АйдаҺар» ертегісі де көрерменді құштар қылып, бүлдіршіндерді ерлікке баулитын болар. Шетелдің «Спанж бобы», «Бен-тэні», «Мадагаскарын» тамашалайтын, кішкентай балалар-қазақ туындыларының кейіпкеріне еліктей бастады. Тіпті ересектердің өзі анимациялық туындыны жақсы қабылдады. Бүгінгінің балалары «Том және Джерри», «Шрек» секілді мультфильмдерді жатқа біледі. Шетелдік өнімдердің сюжеті жарқын, кейіпкерлері тартымды, сценарийлері қызықты болғанымен бала тәрбиесіне кері әсері жетерлік. Олар қазақ балаларын ұлтжандылыққа баулуда қауқарсыз. Психологтардың пікірінше, шетелдік мультфильмдер баланың санасына жағымсыз әрекеттерді сіңіреді. Расында да, егер мультфильмде басты кейіпкер ашушаң, қатыгез, қиратқыш, зұлым болса, сондай-ақ, ол кейіпкер соңына қарай атақты болып, байып кетсе, онда бұл анимациялық фильмдерді балаларға көрсету опа таптырмайтыны мамандар айтпасада түсінікті. Сол себепті біздің ашылмай жатқан қазынамыз іспеті ауыз әдебиетіміздегі,қазақ ертегілерін аниматорларымыз  мультфильмкейіпкерлері ретінде жарыққа шығарса деймін.
Жаханша  Биназир
05 сәуір 2018 ж. 1 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031