» » Алматыда теракт ұйымдастырмақ болғандардың жолы кесілді

Алматыда теракт ұйымдастырмақ болғандардың жолы кесілді

  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды.Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Тараздағы деструктивті діни ағым өкілдерін тұтқындағанын хабарлаған едік.
Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған.
Сонымен қатар ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков 2019 жылы елімізде үш лаңкестік әрекеттің жолы кесілгенін мәлімдеген болатын.
18 ақпан 2020 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031