» » ЕАЭО электронды темекіге қатысты бірыңғай талап енгізеді

ЕАЭО электронды темекіге қатысты бірыңғай талап енгізеді

  Еуразиялық экономикалық комиссия құрамында никотин бар өнімдерді бақылауға алу туралы шешім қабылдады
Еуразиялық экономикалық одақ аумағында құрамында никотин және никотин жеткізу жүйесіне арналған сұйықтық бар өнімдерге қатысты бірыңғай талап енгізіледі. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.   
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше бірде-бір елде мұндай талап жоқ. Бұл азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. 
Сондықтан Еуразиялық экономикалық комиссия өнімдердің бірыңғай тізіміне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады.
"Қазіргі уақытта нарықта құрамында никотин бар түрлі өнімдер көбейіп келеді. Бұл одақ аясында реттелмейді. Вейп, қыздырылатын темекі сынды түрлері бар. Қабылданған шешім бірыңғай техникалық регламент жасауға негіз болады", - деді сауда және интеграция вице-министрі Жәнель Көшікова.
Жаңа регламент құрамында денсаулық үшін қауіпті заттар бар өнімдерді жоюға сеп болады. Талап қаптамаға да қатысты.
Sputnik.kz 






26 ақпан 2020 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031