STORYTELLING Қанат СЕЙДАХМЕТОВ, сушиста: СУШИ 12 САҒАТ ҚАНА САҚТАЛАДЫ
Бүгінде жапондардың ұлттық тағамы сушиді сүйіп жейтіндердің қарасы қалың. Күншығыс елінде «су-зи» яғни «күріш пен балық еті» деген мағына беретін тағамның құрамы қазаққа бейтаныс болғанмен, жасалу жолы біз ойлағандай қиын емес. Осы аптада суши дайындаудың кәсіби маманы Қанат Сейдахметовпен әңгімелесіп, сушиді қалай дұрыс әзірлеу керегін, пайдасы мен зиянын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
‒ Суши ‒ жапондардың ұлттық тағамы. XVII ғасырда Жапония мен Тайланд елдерінде халық тұтынатын азық-түлік аз болған соң, шикі балықты күрішке араластырып талғажау еткен деген ақпарат бар. Кейін бұл тағам шамамен 1980 жылы АҚШ-қа таралып, дүниежүзіне таныла бастады. Қазір сушиге сырт мемлекеттердің сұранысы көп болғаны соншалық оны дайындау үшін шетелде роботтар пайдаланылады. Әдетте тұрғындар суши мен роллды ажыратпай-ақ суши деген жалпы атаумен айтады. Бірақ суши деп жапондар кесілген балықтың бір бөлігін, ал ролл деп күріш пен балықтың оралған түрін атайды.
Еуропа, кәріс, жапон асханасын жетік білемін
‒ Аспаз болуға бала күнімнен икемім бар, сондықтан тағамның түр-түрін үлкен қызығушылықпен дайындай аламын. Алайда алғашқы мамандығымның ас үйге мүлде қатысы жоқ, яғни аспаз болмас бұрын Ақтау қаласындағы Болашақ колледжінде су саласы бойынша білім алғанмын. Каспий теңізі балыққа бай орта болған соң, студент кезден бастап балық өнімінен тағам даярлауды үйрендім. Бірде досым екеуміз Каспий теңізінің жағалауына демалысқа бардық. Сол кезде алғаш рет адам денесінен де үлкен балықтарды көріп, таң қалғаным есімнен кетпейді. Оқуымды тәмамдаған соң, еуропалық тағамдарды әзірлейтін асханаға жұмысқа орналастым. Бастапқыда қызметімді бас аспаздың көмекшісі болып бастадым, кейін өзім де еуропа, кәріс, жапон тағамдарының жасалу жолын үйрендім. Ал сушиді қателеспесем 2005-2006 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында үйренгенім есімде. Кейін Алматыдағы еуропалық асханаға қызметке орналасып, суши, роллдарды кәсіби түрде дайындай бастадым.

Күріш бабында піспесе... Қателік неден кетеді?
‒ Суши құрамына қажетті шикізаттың көбі сырттан әкелінеді, себебі біздің елде ас шаянының етін табудың өзі қиынға соғады. Негізі суши құрамына тунец, арқан балық, хомей және эби (асшаян) сынды теңіз өнімдері пайдаланылады. Бұл шикізаттардың орнын өзге балықтармен ауыстырғанда тағамның да дәмі айтарлықтай өзгереді. Негізі сушиге крелотта ірімшігі мен қияр татымды дәм береді, ал соя соусы және васаби (жапон жүгері) тұздығы бұл дәмді еселей түседі .
Көп жағдайда сушидің күрішін дұрыс қайнатпаса яғни бабында пісірмесе тағам ойдағыдай шықпайды. Күрішке қосылатын уксус пен мисукан соусының дұрыс болмауы да сушидің дәміне кері әсер етеді. Суши дайындау арнайы аппаратты қажет етпейді, сондықтан үй жағдайында да дайындауға болады. Тек жапон бамбугынан алынған нори жапырағы табылса болғаны. Айта кетейін, нори йодқа ‒ өте бай өсімдік.
‒ Қазір сушидің түрі өте көп: филадельфия, дабл темпура, колифорния, т.б деп жалғаса береді, себебі құрамын өзгерткен сайын аспаздар жаңа атау беріп отырады. Енді сушидің жасалу жолын қысқаша түсіндіріп өтейін: алдымен нориды (жапон бамбугы) жайып, оған қайнатылған күрішті салады. Содан кейін фильядельфия ірімшігін (сыр) жағып, үстіне қиярды жіңішкелеп турап орналастырады.
Әдетте мамандар сушиді васави атты қоспамен қосып жеуге кеңес береді. Себебі роллға құрамындағы дәрумендер сол күйінде сақталу үшін балық шикі түрінде салынады, ал васави шикі балықтың әсерінен пайда болатын инфекцияларды өлтіреді.
Суши диеталық тағам болған соң ағзада жеңіл қорытылады, әрі өзге тағамдарға ұқсамайтын дәмімен ерекшеленеді. Ең қызығы, суши бір күннен артық сақтауға жарамайды, бар болғаны 12 сағатқа ғана шыдайды.
Айта кетейін, қазір 30-ға жуық шәкіртім бар, олардың арасында белгілі мейрамханаларда бас аспаз атанып үлгергендері де жетерлік. Бізге келген қатысушылар небәрі екі аптада шетел асханасын толық үйреніп шығады.
Гүлдана НҰРТАЙҚЫЗЫ