» » Жасотандықтарға куәлік табыстады

Жасотандықтарға куәлік табыстады

   
Jas Otan ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев облысқа сапары аясында «Абзал и К» ТС зауытының жас мамандарымен кездесті. Кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысқан Елнұр Сабыржанұлы жас мамандардың 2025 жылға дейінгі «Jastar Otanga!» бағдарламасына қатысты ұсынысын тыңдап, пікір алмасты.
«Абзал және К» ТС – ауылшаруашылық саласында, оның ішінде еліміздің күріш индустриясы саласында қарқынды дамып келе жатқан компанияның бірі. Компания республика бойынша күріш өндірісі үздіктерінің үштігіне кіреді. Өз өнімін Қазақстанмен қатар Ресей, Әзірбайжан, Украина, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ауғанстан мемлекеттерінің нарығына шығарады. Айта кету керек, «Абзал және К» ТС зауытында 400-ден астам қызметкер жұмыс істейді, оның 70%-ын 22-29 жас аралығындағы жас маман құрайды.
«Jastar Otanga!» бағдарламасына ұсыныстар жинау мақсатында кездесу Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да және М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінде жалғасты. Елнұр Сабыржанұлы жастарға байланысты көкейтесті мәселені, жасотандықтар алдында тұрған келелі міндетті айтып, студенттердің сұрағына жауап берді. Jas Otan Жастар қанатына қабылданған оқу орнының белсенді жастарына куәлік табыстады.
Айғаным ҚҰРМАШЕВА
ҚМУ-дың IV курс студенті
03 наурыз 2020 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930