Жат ағымнан сақтан
Облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың инженерлі-технологиялық институты студенттерімен кездесті.
– Ешқандай дін зорлық-зомбылықты насихаттамайды. Қай дінді алып қарасақ та бейбітшілікке, жақсылыққа шақырады. Бүгінде дін атын жамылған түрлі діни ағымдар ел ішіне іріткі салып, жастарды өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарына, мәдениеті мен дәстүріне қарсы қоюда. Мұнымен қоймай, террорлық әрекеттер мешіттер мен ғибатханаларда бейбіт құлшылық жасап жатқан діндарлар арасында да орын алуда. Сол лаңкестік әрекеттерге кез келген діни білімі жоқ жас тартылуы мүмкін, – деді Б.Жарылқасынұлы кездесуде.
Сондай-ақ жастарды әлеуметтік желілер мен ғаламторды пайдалануда абай болу керектігін ескертті. Шара соңында студенттер дәріскерге сауал қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Мұнан соң Б.Камалов осы оқу орынның дәстүрлі өнер институтына барып, ондағы студенттерге де дін мен дәстүр жайлы кең мағлұмат берді.
Айғаным ҚҰРМАШЕВА,
ҚМУ-дың ІV курс студенті
ҚМУ-дың ІV курс студенті