Түсіндірме жұмыстарын жүргізді
"Кедергісіз келешек" жобасы аясында Nur Otan партиясы Арал аудандық филиалында бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті.
Оған Nur Otan партиясы Арал аудандық филиалының консультанты Ү.Қазыбаева, Арал аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Лаура Әділбаева, Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің маманы Абылай Өтепов, "Мүгедектер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дархан Нұрғалиев қатысты.
Қабылдау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң аясында кеңес берілді.
Айғаным ҚҰРМАШЕВА,
ҚМУ-дың ІV курс стденті