» » Күн 30 градусқа дейін ысиды

Күн 30 градусқа дейін ысиды

  Сәуір айында барикалық құрылымдардың жиі ауысуымен және атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, жел және температураның ауытқуы күтіледі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бірінші онкүндіктің басында еліміздің солтүстік жартысында ауа райы түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С болады. Оңтүстік жартысында түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірдің өзге аймақтарында +28°С. Онкүндіктің ортасына таман Ресейдің Еуропалық аумақтарынан антициклонның келуіне байланысты ауа температурасының солтүстік жартысында түнде -3-8°С, күндіз +2+10°C болады. Онкүндіктің соңында елдің оңтүстік жартысына антициклон ықпал етіп, ауа температурасы төмендейді. Түнде термометр бағаны +3+8°C-қа дейін, күндіз +10+15°С-қа дейін, шеткі оңтүстігінде 22°С-қа дейін төмендейді.
Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында күн суыта түседі: елдің солтүстік жартысында түнде -3 +7°С, күндіз +2+13°С; оңтүстік жартысында түнде 0, +10°, күндіз + 12 +22°. Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массаларының келуінен ауа температурасы күндіз солтүстік өңірлерде +17+22°С, оңтүстік өңірлерде +25+30°С-қа дейін жылиды.
 «Ескерту: сәуір айына арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады», - делінген хабарламада.
01 сәуір 2020 ж. 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031