» » Қызылодада алғаш COVID-19 жұқтырған әйелдің жағдайы қалай? (Видео)

Қызылодада алғаш COVID-19 жұқтырған әйелдің жағдайы қалай? (Видео)

  Қызылордада коронавирус табылған адам Оңтүстік Кореядан 1 наурызда ұшып келген. Ол Қызылордаға келген соң 14 күн ауруханада карантинде жатып, кейін вирус табылмаған соң үйіне шығарылған. Бұл ақпаратты "Хабар 24" арнасы хабарлады. Науқас 1955 жылғы әйел адам Кореяда іссапарда болған. Карантиннен үйіне шығарылған. Содан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригада тобын шақырған. Тестен өткеннен кейін диагнозы расталған. Қазір облыстық инфекциялық ауруханада жатыр. 29 наурызда науқаспен қарым-қатынаста болған медбикеден де сол диагноз нақтыланды. Ведомство мәліметінше, қазір пациенттермен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Вирус анықталған ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. "7 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 54 адам анықталды. Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24, Сырдария ауданында-1 жағдай", - делінген хабарламада.  
07 сәуір 2020 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930