» » Президент Джек Маға жомарттығы үшін алғыс айтты

Президент Джек Маға жомарттығы үшін алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қытайлық миллиардер және Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Маға Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мен әлемге әйгілі кәсіпкер және халқымыздың жақсы досы Джек Ма мырзаға шын жүректен алғысымды білдіремін. Ол шын мәнінде, өте күрделі жағдайларда ынтымақтастықтың өте маңызды екенін көрсетті. Біз бірге міндетті түрде барлығын жеңеміз», – деді Тоқаев.
Еске салайық, 2020 жылғы 10 сәуірде Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматыға жеткізілді.
Көлемі 4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.
12 сәуір 2020 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031