» » 124 жылдық тарихы бар марафон алғаш рет тоқтатылды

124 жылдық тарихы бар марафон алғаш рет тоқтатылды

 Kyzylorda-news.kz. Әлемдегі ең беделді және тарихы бай марафондардың бірі Бостон марафоны коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.

Бұл марафонның 124 жылдық тарихындағы алғашқы жағдай.
«Біздің басты міндетіміз – қоғамның, қызметкерлердің, қатысушылардың, еріктілердің, көрермендер мен жанкүйерлердің денсаулығын сақтау», – деді марафонның атқарушы директоры Том Грилк.
Бастапқыда биылғы марафон 20 сәуірде өткізілуі керек еді, бірақ кейіннен оны 14 қыркүйекке ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Марафонға қатысатындар толықтай ақшасын қайтарып алады. Сонымен қатар, кез келген адам марафонның виртуал нұсқасына қатыса алады. Ол үшін сіз марафондағы белгіленген қашықтықты жүгіріп өтіп, оған дәлел ретінде нәтижеңізді көрсетесіз. Виртуал марафонға қатысатын барлық спортшыларға ресми Бостон марафоны бағдарламасы, қатысушы футболкасы және медаль беріледі.
Айта кетейік, Бостон марафоны алғаш рет 1897 жылы өтті. 2013 жылғы марафон кезінде терракт орын алып 3 адам қаза тапты, 282 қатысушы жарақат алды.
30 мамыр 2020 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031