» » Қазақстанда балалар лагерьлерінің жұмысы жанданады

Қазақстанда балалар лагерьлерінің жұмысы жанданады

 Kyzylorda-news.kz. Алдағы аптадан бастап еліміздегі балалар лагерінің жұмысы жанданады. 8 маусымда екі өңірдегі орталықтардың жұмысына рұқсат берілді.

Ал 12 маусымда қалған 12 аймақтағы оқушылар демалатын орындар ашылады. Елордадағы балалар лагері 20 маусымда жұмысын бастайды деп жоспарланған. Бұл жөнінде Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мәлімдеді. Оның айтуынша биыл бас-аяғы миллионнан астам оқушы демалыс орындарына аттанады. Яғни Қазақстан аумағындағы 12 мыңнан аса лагердің  65 проценті жұмыс істейді. 
«Лагерьлерге бара алмайтын қалған оқушылар не істейді? Осы мақсатта біз мектеп жанындағы ұйымдардың қызметін күшейттік. Олардың барлығы балаларды толықтай қамтып, демалыстарын мағыналы өткізуге көмектеседі. 1200-ден аса аула клубы мен 21 мыңға жуық әртүрлі үйірмелер де осы бағытта бізге қолдау танытуға дайын», – дейді ҚР БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.
01 маусым 2020 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930