» » Қызылорда қалалық паркінде оқушылар даяшы қызметін атқарғаны анықталды

Қызылорда қалалық паркінде оқушылар даяшы қызметін атқарғаны анықталды

 Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» шарасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» рейд жұмыстары биыл да жалғасын тапты.

Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің инспекторларымен және өзге де тиісті сала мамандарымен бірге аталған шараға атсалысуда.
Аталған шара барысында қалалық демалыс паркінің кафесінде бірқатар факт анықталып отыр. Мұнда кәмелетке толмаған мектеп оқушылары даяшы қызметін атқарғаны анықталды.
«Заң мен талап ортақ. Қазіргі таңда анықталған дерек бойынша ойын-сауық мекемелерінің меңгерушілеріне, кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына ҚР Еңбек кодексінің баптары мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 86, 87-баптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
10 маусым 2020 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031