» » Жедел жәрдем шақырту орнына неше минутта жетуі тиіс

Жедел жәрдем шақырту орнына неше минутта жетуі тиіс

Жедел жәрдем науқастың өміріне немесе денсаулығына айқын қауіп болмаса, шақырту орнына 60 минутқа дейінгі уақытта жететін болып өзгерді. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының м.а. Бауыржан Жүсіпов ОКҚ брифингінде айтты. «Жедел көмек бригадасының шақырту орнына орташа жету уақыты 12 минуттан 13 минутқа артқаны байқалады. Бұл ретте бекітілген ережеге сәйкес, жедел жәрдемнің келу уақыты шақыртулардың жеделділік санатына байланысты екенін айта кету керек. Егер науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіп төніп тұрса, жедел медициналық көмек бригадаларының жету уақыты 10-15 минуттан аспауы керек. Ал науқастың өміріне немесе денсаулығына айқын қауіп болмаса, келу уақыты 60 минутқа дейін өзгерді», - деді Бауыржан Жүсіпов.

24 маусым 2020 ж. 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031