» » Қазақстандықтар кредитті шегеру "процентіне" шағымданды - министрлік жауабы

Қазақстандықтар кредитті шегеру "процентіне" шағымданды - министрлік жауабы

 Төтенше жағдай режимі кезінде екінші деңгейлі банктер клиенттерінің кредит төлеу мерзімін кейінге шегерді. Алайда қазақстандықтар бұл үшін қосымша ақша төлейтіні белгілі болды.
 Әділет министрі Марат Бекетаев банктен кредит төлеу мерзімін шегеруді сұраған қазақстандықтарға министрлік қандай көмек көрсеткенін айтты.
Министр осы мәселеге қатысты көптеген өтініш пен шағым түскенін растады. Ол Әділет министрлігі банк алдындағы қарызды шегеру ісімен айналыспайтынын жеткізді.
"Әділет министрлігі не істей алады? Карантин басталғанда, мұндай істер жеке сот орындаушыларына жеткен кезде,  оларға шоттарды бұғаттау бойынша қатаң шара қолданбау тапсырылды. Бұл тұрғындарды шектемей, қажет заттарды онлайн сатып алуына мүмкіндік беру үшін жасалды", - деді министр.
Марат Бекетаев төтенше жағдай кезінде сот орындаушылар қатаң шараларды қолданбағанын және бұғатталған мүлікті сатудың аукциондық пулы тоқтатылғанын айтты.
Наурызда карантин енгізілген соң Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банк иелеріне үндеу жасаған болатын. Ол осы кезеңде тұрғындардың кредит төлеу мерзімін шегеруді сұрады. 
Екінші деңгейлі барлық банктер мұндай мүмкіндік жасады. Алайда шегеру мерзіміне процент есептелді. Банктердің мұндай шешімі жұрттың наразылығын тудырды.
Қазақстанда 16 наурыз - 11 мамыр аралығында төтенше жағдай режимі болды. Ал 2 тамызға дейін карантин шараларының күшейтілген режимі сақталады.






16 шілде 2020 ж. 836 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031