» » «Баспана Хит» үй алушыларға процентін төмендетті

«Баспана Хит» үй алушыларға процентін төмендетті

 «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11,25%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді. Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қоры хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) базалық мөлшерлемені 9,5%-дан 9%-ға дейін төмендету бойынша шешімін жариялады.
«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері ҚРҰБ базалық мөлшерлемесіне байланысты болатынын (ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі +1,75%) еске саламыз.
Бұл бағдарлама бойынша мөлшерлеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа қарыз алушыларға ғана қатысты болады.
«Баспана Хит» бағдарламасының талаптарына сәйкес 300 млрд теңгеге қарыз беру жоспарланып отыр, бүгінгі таңда оның 224 млрд теңгесі игерілді.


21 шілде 2020 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031