«Syr volonterlary» орталығы ашылды

Волонтер жылы аясындағы орталық 7 бағыт бойынша онлайн форматта жұмыс жүргізетін болады. Атап айтқанда,тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау шараларына бойынша «Birgemiz: Asyl mura», жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қауіп-қатерін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою бағытында «Birgemiz: Úmit», оқушылар мен студент жастарға үйірмелер, компьютерлік сауаттылықты арттыратын онлайн сабақтар мен курстар өткізуге бағытталған «Birgemiz: Bilim» және онкологиялық диспансерлерде, ауруханалардағы науқастарға медициналық көмектер беруге бағытталған «Birgemiz: Saýlyq» жобасы жүргізіледі. Оған қоса, қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызуға бағытталған «Birgemiz: Taza Álem», қарттар үйлеріне, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған «Birgemiz: Qamqor» және өмірде қиын жағдайға тап болған жастар мен жас отбасыларға көмек беруге бағытталған «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобалары да қамтылатын болады.

Бүгінде орталық жұмысына азаматтық қоғам институтары, жастар ұйымдарының өкілдері, облыстық ішкі саясат, жастар саясаты және денсаулық сақтау, мәдениет, білім, жұмыспен қамту басқармалары мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.
Орталық мекен жайы Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 4А, Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде орналасқан. (Байланыс телефондары: 40-11-10 (1031), 40-11-10 (1032).