» » Қызылордада жол көлік оқиғасы салдарынан 2 адам көз жұмды

Қызылордада жол көлік оқиғасы салдарынан 2 адам көз жұмды

 Тасбөгет кентінде жоғары жылдамдықпен жүрген автокөлік 4 адамды қағып, оқиға орнында 2 адам көз жұмды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 23 шілде күні түнгі сағат 22:50 шамасында орын алған. Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ – 2114» маркалы автокөлігі жоғары жылдамдықпен келіп, «Мерседес – Бенц» маркалы көлігіне жанама соғу арқылы 4 адамды қаққандығы жөнінде полицияға хабарлама түсті.
Жол көлік оқиғасы салдарынан жол жиегінде келе жатқан 28 жастағы азаматша мен оның нәрестесі оқиға орнында көз жұмды, 2 азамат түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Кінәлі жүргізушінің жансақтау бөліміне жеткізілуіне байланысты оған қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде»,- делінген хабарламада.
24 шілде 2020 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031