» » Қазақстан педофильдерінің суреттері жарияланды

Қазақстан педофильдерінің суреттері жарияланды

 2019 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша, Қазақстанның құқық қорғау органдарында бір жарым мыңға жуық педофил және 2800-ден астам зорлықшы есепте тұрған. Осындай статистиканы "Хабар 24" телеарнасы келтірді.
⠀
Қазір республикалық түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін 1600-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.
⠀
Осы істер бойынша барлық толық ақпаратты, соның ішінде зорлықшылардың суреті мен аттарын infopublic.pravstat.kz сайтындағы арнайы бөлімдердің бірінде көруге болады.
⠀
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті педофилдер туралы деректердің электрон картасын бірнеше жыл бұрын ұсынған болатын. Онда аймақтар мен қылмыс жасау мерзімдері бойынша ақпарат ашық жарияланған.
⠀
"Бұл картаны әрбір ата-ана көруі тиіс", - деп жазылған телеарна сайтында.
25 шілде 2020 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30