» » Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңге беріле ме?

Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңге беріле ме?

 
 42 500 теңгені беру мәселесі мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін белгілі болады.

Карантиннің тағы екі аптаға ұзартылуына байланысты тамыз айында қазақстандықтарға 42 500 теңге берілуі мүмкін бе? Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бұл сұраққа былай жауап берді.
«Таяу уақытта мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар міндет қаралып, оның ішінде халық пен экономиканы қолдау мәселесі де пысықталады. Сондықтан да 42 500 теңгені беру мәселесі мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін белгілі болады», – деді Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен онлайн брифингте.
Еске сала кетсек, шілде айында карантин жариялануына байланысты қазақстандықтарға 42 500 теңгеден беріліп жатыр. 29 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданған. Төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылған.

29 шілде 2020 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031