Мемлекеттік марапат иегері
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік органдарының құрылған күніне байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 30маусымдағы Жарлығымен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің офицері Бауыржан Әбдірахманов Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
"Шекарашы болсам деген асқақ арманына қол жеткізіп, ҰҚК Шекара қызметінің әскери институтына түскен Бауыржан өзінің өмірдегі ең басты арманына қолы жеткенде ерекше қуанышты болғанын, одан кейін оқу орнын абыройлы тәмамдап офицер болуға асыққанын атап өтті. Офицер шенін алған лейтенант шекара заставаларында тәжірибе жинақтап, қызметтің барлық баспалдағын абыроймен аттады.
"Қыздың қиясындағы" шекара бөлімін басқарып отырған Бауыржан Үсенұлы бұған дейін де өзінің шекара шебін күзетудегі кәсіби біліктілігінің, жауапкершілігінің арқасында ҰҚК төрағасынан, Шекара қызметі басшылығынан мақтау қағаздары мен және Мемлекеттік шекараны үздік күзеткені үшін төсбелгісі тақты.
Шекара бөлімшелерінің күнделікті тыныс тіршілігін қадағалап отыратын Бауыржан Әбдірахманов – жартылысында сабырлы азамат. Осы байсалды мінезді оның ұжыммен және жергілікті тұрғындармен қарым қатынаста,тіл табысуда орасан зор пайдасы бар.
Ұжым атынан таңдаулы деп осы марапатқа ие болған Бауыржанға әріптестері үлкен сенім артып, марапатымен құттықтап, офицердің шығар шыңындасәттілік жолдас болсын деген тілек білдірді.
Гүлмира ПІРІМЖАНОВА