» » Бүгінгі күннің батыры

Бүгінгі күннің батыры


Бүгінгі жастар – елдің ертеңгі тірегі. Қуатты жастары бар елдің болашағы да жарқын болмақ. Дені сау ұрпақ пен білімді буын қалыптастыру мемлекетіміздің басты мақсаты болуы тиіс. Сонда ғана ұлы дала төсіндегі байтақ елдің келешегі кемелдене түспек.
Тәуелсіз Қазақстан қалыптасқалы бір буын алмасып үлгерді. Қазір санасы тәуелсіз, елдікті ту еткен жарқын жастар өсіп келеді. Олар өткеннен қуат алып, болашақтың кілтін ұстауға талпынады, сондай-ақ егемен елдің ұландары азаматтық қоғам қалыптастыруға да елеулі үлес қосып келеді. Қазір көп жастар өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін үлкен жүрекпен сезінеді. Байқасаңыз қайырымдылық шаралар мен игі бастамалардың басынан белсенді жастарды көресіз. Бұл ең алдымен ұрпақ санасында ұлттық мұраттың қалыптсақандығын, жылы жүрек жандардың көбейгенін көрсетеді.
Бүгінгі жаһанды жайлаған індеттің дауылы біздің елді де бір сілкінтті. Жағдай жақсарып келеді дегенімізбен, толықтай айықтық деп айта алмаймыз. Дегенмен оң өзгерістің көптігі қуанатады. Мұндай жақсы нәтижеге жылы жүрек жандардың қосқан үлесі зор. Осындай ізгілік іздеушілердің қатарында жалағаштық жастар да бар. Олар аудандағы кәсіпкерлермен бірігіп, жақсылықта жарысып келеді.
Тарқатып айтсақ, Дәуімбай елді мекені жастарының бастамасымен Мәдениет ауылдық округіндегі ауруханаға 21 дана оттегі балоны жеткізілген. Жұтым ауаға зарыққан жандарға қол ұшын беріп келе жатқан жастармен бірге жеке кәсіпкер Самалбек Дүйсембиев те 10 оттегі балонын табыстаған. Сондай-ақ аудандағы бірқатар кәсіпкердің көмегімен ауылдық округтегі дәрігерлерге азық-түлік апарып беріп, қаржылай демеушілік көрсетті. Атап айтқанда жеке кәсіпкерлер Р.Кенжебаева, М.Бисенов, Г.Ишанбекова, Г.Зейнуллаева, С.Тасбергенов, А.Есназарова індетпен күреске өз үлестерін қосты.
Бірлікті ту еткен осындай ізгілік іздеуші азаматтарымыз бардабіз қандай қиындықты да оңай еңсереміз. Ізгі ниетті азаматтар қоғамның айнасына,ал жастар қозғаушы күшке айнала білсе, мемлекет іргесі де беки түспек. Міне, жалағаштық жастар ел басына күн туғанда ұйыса білді, ұйымдаса әкекет етті. Бұл жеңіске жақындататын жарқын қадам.
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының баспасөз қызметі
30 шілде 2020 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031