» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі электрондық білезіктер енгізбек

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі электрондық білезіктер енгізбек

 Қазақстанда қамауда ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылған азаматтарға электрондық білезіктер тағылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қамауда ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылған кезде электрондық бақылау құралдарын (электрондық білезіктер) қолдану мәселесін пысықтауда. Озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, аталған жоба қылмыстық процесті ізгілендіруге және қамауда отырған адамдарды азайтуға ықпал етеді», – дейді Цифрландыру мәселелері бойынша агенттік төрағасының көмекшісі Аслан Құсайынов.
Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген шараларды қолдану шарттарын бұзу фактілеріне жедел ден қоюға және тергеу мен соттан жасырыну әрекеттерінің жолын кесуге мүмкіндік береді.
«Бұдан басқа, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тиімді пайдалануға ықпал етеді», – дейді ол.
15 тамыз 2020 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031