13 өңірде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Көкшетауда кей уақытта найзағай ойнайды. Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қанша өсті? Министр жұмысына қайта кіріскен кәсіпкерлерге ескерту жасады Ақмола, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды 17 және 18 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін артады. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай күтіледі. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау қаласында батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні – 18 м/с. 17 және 18 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Тараз қаласында 17 және 18 тамыз күндері кей уақытта найзағай ойнап, дауыл соғады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз кей жерлерде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде Орал қаласында найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 18 метрге артады. 17 және 18 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауып, тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ төтенше өрт қаупі аймақтың оңтүстігінде сақталады. Түнде Қарағанды қаласында найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жезқазған қаласында 17 тамызда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл соғып, бұршақ жауатыны күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай қаласында таңертең және күндіз күн күркіресе, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Күндіз Қызылорда облысында батыс, солтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Найзағай кезінде оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл соғып, бұршақжаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавлда күн күркірейді. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысқан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғатын жел болжанады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
aikyn.kz