Тамыздағы талқылау
Облыстық ішкі саясат басқармасы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында «Асыл мұра - Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 20 тамыз күні сағат 11.00 де Қызылорда қаласы, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында 21 тамыз күні сағат 11.00 де Жаңақорған, Шиелі, Қазалы, Арал аудандарында онлайн «ZOOM» программасы арқылы кездесу өткізілді. Кездесудың модераторы Айтимов Болат Жолдасбекұлы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, Құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) өткізеді. Кездесу барысында ҚР заңнамасы бойынша ҮЕҰ ұйымдастырушылық құқықтық насандары, Қоғамдық бірлестіктердің артықшылықтары туралы, жеке кәсіпкерлер жәәне заңды тұлғаларқауымдастығы нысанындағы бірлестігі туралы, ҮЕҰ деректерін базасына мәлеметтер ұсыну туралы жеке-жеке тоқталып түсінік берілді.