КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

Жас кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Оларға қалай серпін беруге болады? Осы сұрақ төңірегінде бірқатар мәселелер талқыланды. Оған облыстық жастар саясаты мәселе басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов пен облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мәстеков, «Президенттік жастар кадр резерві» қатарына алынған «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлік Мусилимов қатысты. Олар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға келісті. Алдағы уақытта Сыр жастарына жаңа мүмкіндіктер ұсынылады.