Жолақы мәселесі талқыланды
Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасының аясында «Қызылорда қаласы әкімінің 2020 жылы 25 маусымдағы №15619 қаулысына сәйкес» электронды жол жүру картасына байланысты қоғамдық бақылау өтті.
Бақылауға қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Р.Сарымсакова, «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Әбдіхалықова, «Қалалық мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі А.Ерсайын және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры А.Айтмамбетова қатысты. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і директор орынбасары Қ.Рахметов электронды картаға байланысты сұхбат берді. Қызылорда қаласының төлем ақы жолдары 9 түрі қарастырылған, соның ішінде «Каспи голд» түрінде, ұялы телефондағы баланс есебінен төлеу тетіктері де бар.
Кешегі қала әкімі Н.Нәлібаев мырзаның шешімі бойынша, карточкамен де қолма-қол да 90 теңге болып қалды. Бірақ, барлық қалаішілік маршурттарда аппараттар орнатылғанан кейін қолма қол жол ақысы 120 теңге болатыны белгілі. Осы келген қонақтар әр ұйымның атынан келіп отыр. Ендігі кезекте Сізге өз ұсыныстарын айтса.
«Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і директор орынбасары Қ.Рахметов:
- Бүгінгі таңда Қызылорда облысының әкімдігінің өткізілген конкурсында «ALEMPAY» ЖСШ жеңіске жетіп, келісім шартқа отырған болатын. Яғни, қала ішілік барлық жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі орнатылып, жол жүру карточкалары сатылымға шығарылды. 50 000 ересектерге және 20 000 мың балаларға арналған электронды төлем карточкалары түгелдей дайын, және қазіргі таңда сатылымда.
- Қыркүйек айында алынған карточка балансында кем дегенде екі реттік жолақы салынған болса, - деп ұсыныс айтты "Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры А.Айтмамбетова. «Қалалық мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі А.Ерсайын:" "мүгедектердің қандай санаттарына тегін немесе жеңілдіктер қарастырылған? Айлық жол жүру билетін 5500 тг алған жағдайда шектеусіз жүру мүмкіндігі болады ма? деп пікір білдірді.
«Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г. Әбдіхалықова: Бір отбасынан шығатын оқушы балаларда бір карточкалық жүйеде жүруге мүмкіндік болса. Батыр аналарға басқа облыстардағыдай 50 пайыздық жеңілдік қарастырылса деп ұсынысын жеткізді.