» » Қырымбек КӨШЕРБАЕВ: Болашақ Цукербергтер мен Джобстар жұмыс істейтін болады

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ: Болашақ Цукербергтер мен Джобстар жұмыс істейтін болады

      Осы аптада облыс әкімі Қ.Көшербаевтың әйгілі Forbes журналына сұқбаты жарияланды. «Forbes» жүз жылдан бері жарық көріп келе жатқан әлемдегі ең беделді, танымал американдық қаржы-экономикалық басылымдардың бірі. «Forbesке» берген сұқбатында Қырымбек Елеуұлы кіші отанында басшылық жасау оңай ма, ненің есебінен аймақтық ЖӨӨ үш есе өсті, экономикалық жетістіктерді қандай кадрлар жүзеге асыра алады және бұған цифрлық экономика қалай көмектесетінін әңгімеледі. Айта кетейік, 2013 жылдың 17 қаңтарында Қырымбек Көшербаев өзінің туған жері Қызылорда облысының басшылығына тағайындалды. Облыс әкімі Қызылорда заманауи технологиялардың алаңы болу үшін бүгін білім алып жатқан жастардың болашағына батыл сенім артады:
«Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларымен көмектесу әрине керек, бірақ жаңа ұрпақтың білімін жетілдіру және тәрбиелеудің маңыздылығы одан да жоғары.
Бүгінде бүкіл әлем цифрлық технологияны меңгере бастағанда, бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау – бірінші кезектегі міндет. Бізге білім мен дағдының жаппай "апгрейді" керек. Өйткені, біздің елімізде технологиялық кейін қалу қаупі өте үлкен. Егер біз ХХІ ғасырдың жаңа логикасын іске қоспасақ, үмітсіз күйде артта қаламыз. Сондықтан білім беру саласының барлық деңгейінде, мектепке дейінгі тәрбиеден жоғарғы оқу орнына дейін жүйелі жұмысты енгізудеміз.
Біздің мектептердің 452 түлегі бүгінде Мәскеу мен Санкт-Петербургтің техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Үкіметінің грантымен білім алуда. Атап өту керек, осындай оқуды ұйымдастырған біздің облыс қана. Биыл жазда алғашқы 76 бітірушіні күтіп отырмыз. Ал 2018 жылдан бастап Ломоносов атындағы ММУ біздің жастарымыздың "Киберқауіпсіздік" және "Үдерістерді математикалық модельдеу" мамандықтары бойынша оқуына жыл сайын 20 гранттан бөліп тұратын болады. Сондай-ақ "Сколково" Жаңа технологиялар орталығымен де ынтымақтастық ету мүмкіндігі пайда болды.
Сонау 2013 жылдан бастап-ақ бірыңғай аз қамтамасыз етілген және көп балалыотбасыларынан, әсіресе ауылдық жерлерден шыққан дарынды балаларды еліміздің жоғары және орта оқу орындарында оқытуға облыс әкімінің грантын беруді бастадық. Мұндай гранттарға 694 мектеп бітіруші ие болды. Бұл "Нағыз ұлылар ауылда туып, қалада дүниеден өтеді" деген сөзді білдірсе керек.
Біздің 4000 баламыз "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алуда, 200 -дей адам Президенттік "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыды. Әйтсе де мен бәрінен бұрын 2017 жылғы түлектердің 97 процентінің жоғары және орта арнаулы оқу ордаларына түскенін мақтан етемін! Айтпақшы, бұл бізге маргинал жастарға арналған әлеуметтік базаны барынша кемітуге мүмкіндік береді. Сөз жоқ біздің жастарымыз өте дарынды. Оларды тек қолдай білу қажет.
2017 жылдың желтоқсанында біз алғашқы рет HackDay2017 фестивалін өткіздік. Шынын айту керек біз мұндай серпілісті күткен жоқ едік. 500 қатысушы – 137 команда өздерінің идеясымен жұмыс істеді. Міне, осындай жастарымыз үшін сол жағалауда ІТ паркін құрамыз, онда біздің болашақ Цукербергтер мен Джобстар жұмыс істейтін болады.
Бізде Төртінші өндірістік революция міндеттерін шешуге қабілетті деңгей жоғары және жасампаз адамдар барынша көп болғаны керек! Бұл бағытта бізге Ресейдің "Кванториумдар" құру бойынша тәжірибесі қызықты. Бұл – жоғары технологиямен жарақтанған және жоғары білікті инженерлік кадрлар дайындауға бағытталған, инновациялық технологиялар мен идеяларды дайындап, тестілеу және енгізуді жүзеге асыратын балалар паркі. Бұл тәжірибені Мемлекет басшысының ЖолдауындағыҚазақстанда балалар технопарктері мен бизнес инкубаторлар желісін құру туралы тапсырмаларын орындау үшін қолдануға болады деп ойлаймын.
Жаңа ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тек қана білім беру жүйесі ғана жұмыс істемей, жастарға қатысы барлардың барлығы да атсалысуы тиіс. Үй, тұрмыс, өмір сүріп жатқан ортасы, медиа және көңіл көтеру орталықтары. Өйткені, кез келген ұлт үшін білімді, білікті, машықтанған жастар ең маңызды және қымбат ресурс» дейді облыс әкімі. Сұқбаттың толық нұсқасын облыстық «Сыр бойы» газетінің бүгінгі санынан оқи аласыздар.
08 ақпан 2018 ж. 1 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031