Қызылордада ауыз су уақытша тоқтатылады
Ертең, 30 қыркүйек күні 20.00-ден 1 қазан күнгі сағат 06.00-ге дейін «Бас Тоған», «Степь», «Арай», «Қызылжарма», «Мұнайшы» су алу құрылымдарының таза су қоймаларына, қаланың және Тасбөгет кентінің ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
«30 қыркүйек күні сағат кешкі 20.00-ден түнгі 03.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады. 1 қазан күні сағат 06.00-ден кейін ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып қойып хлордың иісі кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз. Ведомстволық мекемелерде ауыз суды сыртқа ағызып жіберу уақытында 1 қазан күні сағат 06.00-ден сағат 08.00-ге дейін жауапты кісілерді бекіту қажет», – делінген қала әкімдігінің таратқан хабарламасында.