» » » Жаңа жыл табыс әкелсін!

Жаңа жыл табыс әкелсін!


   Құрметті жастар, Сіздерді жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
2017 жыл − Ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен айқындалған – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестерге бастау жылы болды. Сыр өңірінің жастары үшін өзінше өрнектерімен есте қалар жыл деп айта аламыз.
    Әлемдік деңгейдегі «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуіне, Елорданың 16 жылдығымен қатар, астананы Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына 20 жыл толуына арнап өткізіліп жатқан мерейлі шараларды, басқа да ауқымды істерді атқаруға Сіздер де белсене атсалыстыңыздар.
    Сыр жастары алдыңғы толқын аға ұрпақтың ұлағатты өнегесін жалғастырып, республика жастары тарапынан қызу қолдау тапқан бірқатар жарқын істердің бастамашылары бола білуде. Мәселен, Еңбек маусымының республикалық ашылу кезеңі біздің өңірден бастау алды, көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға жастардан жасақталған алғаш қайырымдылық көмек керуені алты Алашқа Ана болған Сыр өңірінен сапарға аттанды. Жақында өткен облыс жастарының форумындада өздеріңіздің белсенділіктеріңізді танытып, жаңғырудың да жастардан басталатынын паш еттіңіздер. Қай саланы алып қарасақ та білім мен білікті, талант пен талапты бойына жинаған жастар алдыңғы қатарда келеді. Өршіл намысты, биік рухты, жалын жүректі Сыр жастарының алар асуы әлі де алда.
    Келер 2018 жыл да Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. «Рухани жаңғыру» идеясы аясындағы ұлттық құндылықтар төңірегіне топтасып, өз білімдеріңіз бен мүмкіншіліктеріңізді барынша пайдалана отырып тәуелсіз Қазақстанымызды дамыту жолындағы жасампаз еңбектеріңізде табысқа жете беріңіздер. 
    Сіздерге жастық жігер, зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін!
Құрметпен, Еркебұлан МЕҢЛІБАЕВ,
Қызылорда облысының
жастар саясаты мәселелері
басқармасының басшысы.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 094 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031