"МЕНІҢ АТАМЕКЕНІМ" ФОТО ЖӘНЕ ВИДЕО БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАНДЫ
Бұл конкурс туған өлкесін мақтан тұтатындар және суретке түсіп, видео таспалауды сүйетіндер үшін!
«Атамекен» ҰКП-сы байқау жариялауда.
Байқауға қатысу үшін кәсіби фотограф болу міндетті емес. Бізге Сіздің ұшқыр қиялыңыз бен ауылыңызда бар айрықша нысан туралы пікіріңіз аса маңызды!
Ол үшін ауыл мәдениетін бейнелейтін көріністі, қайталанбайтын нысандарды таспаға түсіресіз. Сосын фотосуретті немесе видеоны Facebook және Instagram желілеріне #Менің Атамекенім хештегімен жүктейсіз, бар болғаны осы ғана!
Сіз – байқау қатысушысыз! #Менің Атамекенім әлеуметтік желі қолданушылары үшін пост ашық жариялануы керек.
Ал, біз әр апта сайын байқау қорытындысын жариялап, үздік туындыларды таныстырамыз.
Байқау бүгіннен бастап 18 тамызға дейін жалғасады!
Оған қатысушылардың жұмысын кәсіби сарапшылар бағалайды. Байқау соңында әр өңірден 1 жеңімпаз таңдап алынады. Үздіктерге бағалы сыйлықтарымыз дайын!
Ал, ақтық сында ең жүйрік танылған қатысушы өз ауылы туралы түсірілетін фильмнің басты кейіпкеріне айналады! "#Менің Атамекенім".
Байқауды ұйымдастырушы: «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі.
Байқауды өткізу кезеңі: 2018 жылдың 18-шілдесі мен 18-тамызы аралығы