» » » БІЗДІҢ ЖАСТАР: СӨЗДЕН ІСКЕ

БІЗДІҢ ЖАСТАР: СӨЗДЕН ІСКЕ

  «Ақмешіт жастары» газетінің 5 жылдығына орай Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Сыр Медиа» ЖШС ұйымдастыруымен "Біздің жастар: сөзден іске" тақырыбында оқырман шығармашылығынан байқау өтеді.
Байқаудың мақсат-міндеттері:
Ауылына, ауданына, аймағына деген сүйіспеншілігін сөзімен емес іспен дәлелдеген жастарды насихаттау;
Бейбіт күннің батырларын айқындау;
Байқаудың шарттары:
Мақаланы қандай да бір оқиға барысында көркем баяндау, әсерлі әңгімелеу, фотосуреттермен толықтыру;
Байқауға жіберілетін материалды бұрын-соңды еш жерде жарияламау; Мақалаға арқау болған адамның аты-жөні, дерек пен дәйектің сәйкестігі;
Материалдар 2018 жылдың7 қыркүйегі мен 7 қарашасы аралығында қабылданады. Конкурсқа келіп түскен материалдарды редакцияның арнайы комиссиясы іріктеп қарайды. Байқау жеңімпаздары (І, ІІ, ІІІ орын) Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланады. Байқауға қатысуға үміткер материалдар «Біздің жастар: сөзден іске» деген айдармен басылым бетінде тұрақты жарық көре бастайды.
aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru электронды поштасына немесе Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4, "Сыр Медиа" мекемесінің 314 кабинетіне жолдауға болады. Байқау нәтижесі басылым сайтында жарық көреді.
Байланыс үшін:
8 (7242) 40-06-71
8 (7242) 70-10-69
13 қыркүйек 2018 ж. 2 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930