» » Арыстағы төтенше жағдай: Ауруханаға жеткізілгендердің саны артты

Арыстағы төтенше жағдай: Ауруханаға жеткізілгендердің саны артты

 Арыстағы төтенше жағдайға байланысты ауруханаға жеткізілгендердің саны артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық жедел көмек көрсету координациялық орталығының мәліметіне сүйеніп.

Сағат 20:00 дегі ақпарат бойынша, медициналық көмекке жүгінгендердің жалпы саны 52 адамға жеткен. Бұл көрсеткіш Түркістан облысы және Шымкент қаласын қосқандағы нәтиже. Олардың ішінде 31 адам ауруханаға жатқызылған. Осы уақытқа дейін 32 адам деп хабарланған болатын. Алайда, олардың біреуі өлім құшты.
Қазіргі таңда 22 жедел жәрдем бригадасы Арыс қаласы, Ордабасы ауданы, Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларында шоғарланған. Жедел жәрдем көрсету мақсатында санитарлық авияциaда мультидисциплинарлық екі команда жұмылдырылған. Олардың құрамында травматолог, реаниматолог, комбустиолог бар.
"Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күш біріктіру нәтижесінде төтенше жағдайдан қауіп төнген адамдарға медициналық көмек көрсетуге жағдайдың бәрі жасалды", - деп хабарланды баяндамада.
Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.
25 маусым 2019 ж. 1 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930