» » » ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ

Сағынып талай жыр туар,
Мадақтар әлі сан жыршы.
Даланың иісі бұрқырап,
Қарттарым, аман-сау жүрші, ‒ деп ақын Сағи Жиенбаев "Ауыл қарттары" өлеңінде жырлағандай, әр отбасындағы қарт кісі ‒ сол үйдің қымбат қазынасы.
Отбасындағы берекенің бастауы, шаңырақтың ұйтқысы болып, қашанда өзін соңғы орынға қоятын қарт ата-анаға керегі ‒ ұрпағының шынайы көңілі. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда ата-ана ұлттық салт-санамызға сәйкес баланы өскенше, немерені өмірінің соңына дейін бағады. Бәрімізге белгілі, біздің ұлттық болмысымызда кейінгі буынның үлкенді құрметтеуі ‒ парыз. Олардың бітім-болмысы жайлы ата-балаларымыз өздерінің жүріп өткен жолынан үлгі-насихат ретінде халықтың ауыз адебиеті аркылы мол қазына қалдырған.
Жыл сайын 1 қазан қарттар күніне орай түрлі шараның өтетіні белгілі. Сондай ауқымды істер барысында қарттарға мерекелік көніл-күй сыйлаумен қатар, оларға ерекше тосын сый жасалса құба-құп болар еді. Шынайы мағынада қарттарға арналған боямасыз отбасылык мереке ұйымдастырылып, алдыңғы буынның өмір тәжірибесін, өнегеге толы ғибратты әңгімелерін жастарға үлгі етсе қандай ғажап?! Әйтпесе бұл мерекенің мәні қарттардың көңілін бір сәтке ғана көтеріп, қалған уақытта елеусіз қалдырып жатқандай көрінеді.

Гүлмира Пірімжанова
04 қазан 2020 ж. 1 024 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031