» » » Қызылордалық бірқатар журналистер «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Қызылордалық бірқатар журналистер «Халық алғысы» медалімен марапатталды

   Бүгін «Covid-19» індетімен күресте алдыңғы шепте жүріп, ақпарат таратқан бірқатар журналистер «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
«Індетпен күресте еліміздің әрбір азаматы өз үлесін қосты. Солардың ішінде уақытпен санаспай, шыдамдылық танытып, сақтық шараларын дер кезінде халыққа жеткізіп, алдыңғы шептен көрінген журналистерге дән ризамын. Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін», – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет.
Мемлекет басшысының «Халық алғысы» медалімен «Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі Райхан Тәжібаева, «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Нұрлан Жақыпбеков, «Qyzylorda» телеарнасының инженері Берік Әбубәкіров, телеоператоры Алпамыс Әшірбеков, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Айнұр Батталова, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Айнагүл Исмайлова, «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Нұрсұлтан Мықтыбаев, «Сыр медиа» ЖШС фототілшісі Нұрболат Нұржаубай марапатталды.
05 қазан 2020 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031