Өмір ғажайып

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев "Қазақстанның əрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу керек" деген еді. Демек мемлекет, ең бастысы, халық денсаулығын нығайтуға жұмыс істейді. Әйтсе де халық әлі де өз денсаулығына салғырт қарауда.
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамды құмарлық тозағына түсіреді. Нашақор адам есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Есірткі қолданбаса, ауырып мазасы қашады. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" демекші, оны қолданбай өз денсаулығымызды сақтасақ ештеңе болмас еді. Есірткіні тұтынған адам өзін ғана құртпай, басқаларға ұсынуы əбден мүмкін. Жастар осындай әрекетке барса, ертеңгі күнге қандай сеніммен қараймыз?! "Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды" деген сөз бекер айтылмаса керек. Сол себепті бұл жаман нəрседен алшақ болып, өз денсаулығымызды барынша күтіп, қауіп төнетін зиянды әрекеттен аулақ жүру керек. Қазіргі таңда, ең қуанатын жағдай, нашақор адамдар азаюда. Жастар өмірдің қадірін түсінуде.
Біздің көшпенді ата-бабамыз саламатты өмір сүрді. Ұрпағының азып тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүгінгі ұрпақ қоршаған ортаны, денсаулықты күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылу керек.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты өмір» деген нақыл сөзді адамдар түсініп, отбасының жанында, денсаулығын ойлап, бақытты өмір кешіп, есірткісіз өмір ғажайып екенін түсінсе екен деймін.
Қымбат ДОСЖАН,
№176 орта мектептің оқушысы
04 қараша 2020 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930