» » » ЖАҢА МАЗМҰН − ЖАҢА ҚАДАМДАР

ЖАҢА МАЗМҰН − ЖАҢА ҚАДАМДАР


«Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында. 
Жолдау біздерге жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындау міндетін жүктеді. Білімді, еңбекқор, жаңашылдыққа жаны құмар әрбір жас мол жетістікке жетері сөзсіз. Мұнан бөлек, барлық өңірдегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құруды тапсырды. Бұл зерек оқушы үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Бұл қадамдар жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.Оқушыныеңбекке баулу – біртұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. Әлемде жаңалық ашқан дарынды балалар туралы көп оқимыз. Біздің оқушылар арасынан да өнертапқыш таланттар көптеп шығу керек. Бұл мақсатта біздің алдымызда үлкен жауапкершілік пен оқушылардың машықтары мен қабілетін қалыптастыру, олардың шығармашылық, тәжірибелік ойын, санасы мен белсенділігін дамыту міндеті тұр.
Көркем ӘБІЛҚАСЫМ,
№40 А.Қыраубаева атындағы
 орта мектептің мұғалімі
01 ақпан 2018 ж. 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031