Тасбақа


Ерте заманда бір тасбақа болыпты. Ол арқасындағы ауыр жүгін арқалап, өмірі бейнетпен өткен екен. Бірде алыс сапардан әбден шаршап, шөлдеп келе жатқан бір жолаушыға кез болыпты. «Ей, жолаушы! Қайдан келесің?» – дейді. Жолаушы жауап беруге шамасы келмей, ағаш түбінде жүрелеп отырып, ұйықтап кетеді. Оянса, алдында бір үзім нан мен бір кесе су тұрғанын көреді. Жан-жағына жалтақтап қарап еді, ешкім көрінбеді. «Менің жағдайымды жасаған кім екен?» – деп таңғалды да, дереу суға қанып, нанмен жүрек жалғады.
Сол кезде тасбақа:
– Шөлің қанып, әлденіп алдың ба? – деп сұрады.
– Тасбақа, рақмет! Бұл жақсылығыңды қалай қайтарсам екен? – деді жолаушы.
Сонда тасбақа:
– Мына жерде бұлақ бар. Сол бұлақтың көзі бітеліп, жағдайымызды қиындатып жіберді. Құмның арасында жұмыртқадағы балаларымның шығатын кезі жақындады. Не істерімді білмей отырмын, – деп көлеңкеге тығылды.
Жолаушы күні-түні бұлақты аршып, көзін ашып, мөлдір су аспанға атқылап, айнала суға толды.
Тасбақа алғыс білдіріп:
– Ей, жолаушы, екеуміздің бұл өмірдегі көрер бейнетіміз бен қуанышымыз бірдей. Мен өмір бойы арқамдағы ауыр тасты арқалап келемін. Ол менің қысы-жазы баспанам, балаларымның өсіп-өнуіне жағдай жасаймын. Сен де ұрпағың үшін үй салып, тапқаныңды арқалап, өсіп-өніп келесің, тағдырымыз ұқсас, – деді.
Жолаушы мен тасбақа айдынның суына шомылып рахаттанды. Су ішкен табиғат жасыл желекке айналды. Жолаушы табиғаттың әсем сұлулығына тамсана қарап, қамқор бола алғанына қуанды.
Алтынай БЕРІКҚЫЗЫ,
№267 орта мектептің оқушысы
03 қыркүйек 2020 ж. 1 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031