Ерке қонжық


Алып жыртқыш ақ аю мұз үстінде теңселіп жүр. Ол су астына сүңгіп, ерке қонжығын іздеп әбден шаршады. Өзі шабуылдаған итбалықтар алып кетті ме деп те сезіктенді. Мұзда мекен етіп, қыс бойы жұмыртқаларын қанатының астында жылытып жүретін көршісі пингвиннен қонжығын сұрады. Ол: «көрген жоқпын» деп басын шайқады. Жемтігін іздеп, төңіректі шарлап жүрген түлкіні көріп қуанып кетті.
Ақ аю түлкіге:
– Сен менің қонжығымды көрдің бе? – деп сұрады.
Ашқұрсақ түлкі:
– Егер тамағымды тойдырсаң, қай жерден көргенімді айтамын, – деді.
Ақ аю суға сүңгіп кетіп, ыдыс толы балық алып шықты. Түлкі балықты тауысқанша күтіп отырды. Түлкі тамағын тауыса сала жан-жағына қарамай зыта жөнелді. Аю қуғанмен қорбаңдап жете алмады. Алданған аю аңырап, мұз үстінде не істерін білмеді. Бір кезде бұғыны көзі шалды:
– Менің қонжығымды көрдің бе? – деп сұрады жанына барып.
Ол да көрмегенін айтып басын шайқады.
Мұз үстінде денесін май басқан теңіз мысығынан сұрайын деп еді, ол аюды көріп қорыққаннан суға шолп етіп, жүзе жөнелді.
Әлден уақытта қара бұлғын ақ аюды көріп, екі алдыңғы аяғын көтере:
– Мен көрдім! Мен көрдім! – деп айқай салды.
Ақ аю қуанып, қорбаңдай жүгірді. Күні бойы іздеп, әркімнен сұрап таба алмай жүрген қонжығы жағалауда тәтті қорылға басып жатыр екен. Әбден шаршаған сыңайлы, қызыл тұмсығын бауырына тығып, алаңсыз ұйқыға кетіпті. Аю қонжығын жалап, мауқын басты. Бір кезде су түбіне сүңгіп кетіп, ыдыс толы балықты бұлғынға берді. Бұл оның қара бұлғынға шексіз ризашылығы еді.

Алтынай БЕРІКҚЫЗЫ,
№267 орта мектептің оқушысы

03 қыркүйек 2020 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031