» » » Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту – перзенттік парызымыз

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту – перзенттік парызымыз


Тіл -қашанда достықтың кілті, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны әрі ары. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да, өмір сүре алмақшы емес. Еліміздегі Тілдер мерекесінің Алаштың арда перзенті, қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым, белгілі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде аталып өтуінде үлкен мән бар. Ұлтының қамы үшін ұлы мұратты ту етіп, қасық қаны қалғанша қазағының қамын жеп өткен қайраткер тұлғаның ең басты аманаты да туған тілдің тағдыры болса керек.
Әр ұлт әлемге туған тілі арқылы танылады десек, тілге деген шексіз сүйіспеншілік, шынайы құрметтің тұла бойда берік орнайтын кезі бақытты балалық шақ. Ана тілін анасындай ардақтайтын азаматтарды тәрбиелеу әрбір ата-ананың ең басты қағидасы болуы тиіс. Достықты ту еткен, ұлт пен ұлыстар тату тәтті мекендейтін біздің елімізде кез келген ұлт өкілінің тіл еркіндігіне шек келтірілмегені және айқын.
Алайда, қоғам дамыған сайын қазақ тілінің өміршеңдігі мен қажеттілігін арттыру мәселесі күшейіп келеді. Әлемнің дамыған озық елдері технологиялық прогрестің нәтижесінде өз тілдерін халықаралық деңгейде сұранысқа ие тілдерге айналдырды. Өз мемлекетінде өзге тілдердің көлеңкесінде қалып қоймауы үшін қазақ тілінің қолданыс аясын мейлінше кеңейту бұл әрқайсымыздың перзенттік парызымыз бен қарызымыз.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын қажеттілігін табиғи түрде арттырудың бірден бір жолы тілді оқытуды,үйретуді тиімді жүзеге асыру, оқыту сапасына қатаң талап қою десек,бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді.
«Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген ұлт сөзінің астарында ұғынғанға,үлкен мағына бар. Тіл -ұлттың тірегі. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ел басына күн туған қиын қыстау кезеңде де өз құндылығын жоғалтпаған ана тіліміздің мәртебесі әрқашан биік тұруы тиіс. Мереке құтты болсын,отандастар!

Толқын Қабылша,

Ақын, тележурналист.

Халықаралық Жазушылар одағының,

ҚазақстанЖурналистер одағының мүшесі.
06 қыркүйек 2020 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031