» » Баршамызды Тәуелсіздік қана біріктіреді

Баршамызды Тәуелсіздік қана біріктіреді

   Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи датадан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол – егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Бұл туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау, өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы дегенге саяды. Баршамызды Тәуелсіздік қана біріктіреді. Тек сол ғана өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды тауып, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтты. Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнап, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құрады. Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Сондықтан азаттығымызды нық ұстап, кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, осынау ұлан-ғайыр атырапты қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз қажет.
Ақтілек БІТІМБАЙ
10 желтоқсан 2019 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031