Бала бер, бала берсең сана бер
Жақында туысқанымның "Алтын тойына" куәсі болдым. Шапан жауып, сый-құрмет көрсетіп жатыр. Әсем әуен шырқалып, би биленуде. Көзім бір бұрышта отырған ақ жаулықты анаға түсіп кетті. Көзі мұңға толы. Осындай сәтте ол кісіні не жабырқатты? Бұл сұрақтың жауабын тек өзі беретін болған соң қасына жайғастым.–...