» » » Алмат – өз ісінің шебері

Алмат – өз ісінің шебері

  Пандемея кезінде демалыс дегенді білмей жұмыс істегендер бар. Олар қашықтанда, "жақыннан" да дамыл көрген жоқ. Оның үстіне волонтерлікті қосыңыз... Ерікті штабында болмаса да еріктілермен қоса қызмет еткен қызылордалық Алмат Смайловтың еңбегі ерен.
Алматты қаладағы еріктілермен бірге қай істе болсын көретініміз жасырын емес. Автоволонтерлікте де белсенді болды. Жұмысқа білек сыбана кірісіп кететін қасиеті бар. Сондықтан да болар қызылордалық еріктілермен бірлесіп жұмыс істеді. Өзі ерікті қатарында емес, дегенмен төтенше жағдай кезінде ауруханаларға керекті үлкен газ баллонды жеткізіп беруге үлес қосты. Бұл да ерлік. Белсенді жастардың тұрмысы төмен отбасын да азық-түлікпен қамтығаны белгілі. Мұның ішінде біздің кейіпкеріміз де бар. Оның үстіне жастар орталығы дәріге мұқтаж жандарға керекті дәрі-дәрмегін табыстады. Бұл істе де Алмат жүрді.
Қармақшы ауданында дүниеге келген Алмат №10 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде білім алған. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап сабақ оқуға ынталы болды. Сонымен қоса қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Бүгінде Алмат Жамалбекұлын танымайтындар аз. Ол «Болашақ» колледжінің «Есеп және аудит» мамандығында, «Болашақ» университетінде экономист-бухгалтер мамандығында білім алған. Студент атанған күннен бастап жастар арасында өткізілетін көптеген мәдени-көпшілік, саяси, шығармашылық іс-шараларға белсене қатысты. 2013 жылдан бері мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында жұмыс істеп келеді. Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өткеннен кейін басқарманың ақпараттық-сараптамалық бөлімінде бас инспектор қызметін, облыстық жастар ресурстық орталығында жастар бастамаларын дамыту бөлімінің аға кеңесшісі қызметін атқарды. Сондай-ақ орталықтың жастар ұйымдары және оқу орындарымен жұмыс жасау бөлімін басқарды. Бүгінде рекрутинг және бизнес инкубатор бөлімінің басшысы қызметінде.
Облыс және қала әкімінің бірнеше алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығының иегері.
"Төтенше жағдай кезінде жасаған істерімді мақтаныш санамаймын. Ел басына күн туған кезде әр адам осылай істеуші еді. Иә, мен волонтер емеспін. Дегенмен де қолымнан келсе көмектесуге дайынмын. Сосын Болатбек Айтбенбетов басқарған волонтерлер өзіме ұнайды. Олар ешқашан шаршамайды. "Өзіме емес, өзгеге ғой" деген атүсті түсінік жоқ. Білек сыбана кірісіп кетеді. Барлық істің басы-қасында жүреді. Осы уақыт аралығында бірлесіп, қаншама іс тындырдық. Бірде бір реніш туындаған емес. "Мен неге істей беремін" деп те өкпе айтқандар болмады. Мүмкін волонтерлар сонысымен де ерекше шығар. Ал өзімнің жастардың арасында жүргеніме біршама уақыт болды. Сондықтан да бұл жақтан кеткім келмейді. Бір жасқа болса көмегім тисе, онда жұмысымның еленгені деп білемін", – дейді Алмат.
Алмат – отбасылы. Бос уақытын балаларына арнайды. Отбасын, ата-анасын басты орынға қояды.
Алмат – өз ісінің шебері. Бұған дейін жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста болғанынан шығар, әр студенттің қай шараға қатысу керегін, қандай ақпарат алып, қай бағдарламамен танысу қажеттігін саралап отырады. Жастарға қатысты тың жоба болса, хабардар етуге дайын. Қай кезде де жалындап тұратын жастың қабағына кірбің түспесін дейміз.
Мөлдір САБЫРЖАН
15 қазан 2020 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031