Жаңа Президент кім?
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен оқушылардың өзін-өзі басқару кеңесінің көшбасшысын сайлау науқанында 11-сынып оқушысы Жангерей Зинелов жеңімпаз атанды.
«Маған дауыс беріп, қолдау көрсеткен зияткерлер мен педагогтарыма алғыс білдіремін. Алдағы уақытта өзін-өзі басқару кеңесі қашықтан оқыту жағдайында оқушылар арасындағы байланысты нығайту және оларды түрлі интеллектуалды, танымдық жобаларға қатысуда белсенділігін арттыру бағытында жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, жеке тұлғалық дамуына ықпал ететін шараларды өткізіп, спорттық, рухани және әлеуметтік бағытта өсуіне мүмкіндік беретін тематикалық кештер ұйымдастыратын боламыз», – дейді зияткер көшбасшы.
Биыл қашықтан ұйымдастырылған президенттік сайлауға 11-сыныптар арасынан 5 үміткер түсті. Олар: Байдібек Мұсаев, Ғайни Сейдулла, Әбдуғаффар Өмірбек, Жангерей Зинелов және Қылышбай Назаров. Оқушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларында мектеп өмірін жақсартуға арналған жобалары мен білім, ғылым, өнер, спорт, мәдениет және өркениет бағытында үздік идеяларын ұсынды. Дауыс беру науқаны қазанның 22-де арнайы платформада өтті. Мектептің оқушылары мен ұстаздары онлайн дауыс беру арқылы өз тандауларын жасады. Нәтижесінде Жангерей Зинелов ең жоғары дауыс санын жинап, мектеп Президенті болды.